Bugin

Қазақстанда 9 мамыр күні әскери шеру болмайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: wikipedia

2024 жылы Қазақстанда Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруді өткізу тоқтатылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қорғаныс министрлігі бюджет қаражатын үнемдеп, оны басқа істерге жоспарлаған.

«2024 жылы Қазақстанда әскери шеру өткізу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбайды»,– делінген хабарламада.

Қазақстандағы соңғы әскери шеру 2018 жылғы 7 мамырда Жамбыл облысы Отарда болған. Қазақстанда 7 мамырда мемлекеттік мереке – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні. Биыл ардагерлер екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 79 жылдығын атап өтеді.