Bugin
Фото: depositphotos.com
Самбошы Тура Авлохлов қолдан жасалған қарудан алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Оққа ұшқан азамат оқиға орнынан қашып кетпек болған кезде оны Ішкі істер министрлігінің жедел қызметі қолға түсірді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі darakchi.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 29 наурыз күні Өзбекстанда болған.
Шахрисабз қаласының тұрғыны “Дамас” көлігін тізгіндеп келе жатып, бұрын таныс басқа біреуді көріп, кафеге бірге барған. Олар алкогольдік ішімдік ішкен. Бір сағаттан кейін кафеден шыққан олар Тура Авлохловты көріп, көлікке отырғызып, басқа дәмханаға барған.
Азаматтар дәмханада төлем жасау сітңнде тартысып қалған.Жанжал салдарынан спортшыға қолдан жасалған қарумен оқ тиіп, жарақат алады. Нәтижесінде Тура Авлоқұлов алған жарақатына байланысты Шахрисабз қалалық медициналық емханасының жедел жәрдем бөліміне жатқызылды. Оны атқан азамат оқиға орнынан қашып кетпек болған, оны аудандық ІІБ жедел уәкілдері оқиға орнынан 500 метрдей жерде көлігімен келе жатып тоқтатқан.
Шахрисабз қалалық медициналық бірлестігінің анықтамасында Тура Авлохловтың денесінде ауыр ашық бас ми жарақаты, бас миының ішіндегі металл және сүйек сынықтары, сол жақ маңдай сүйегінің сынған жарақаты, сол жақ қасы жаншылған жыртық болған. Ол ауруханада қайтыс болды.
Қазір күдікті қамауда, тергеліп жатыр.