Bugin

Депутат: Су тасқынынан зардап шеккендердің несиесін шегеру керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: kazbusiness.kz

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай төменгі палата депутаттарының атынан премьер-министрге сауал жолдады. Олар су тасқыны мәселесін шешу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Депутат көктемде тағы бір рет елдің жартысына жуығы су астында қалғанына наразы. Ол әкімдіктер мен министрліктер арасында байланыс жоқ екенін, сонымен қатар, су саласында білікті мамандар жетіспейтінін айтты. Ол сондай-ақ комиссия су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды есептегенше, шамамен бес-төрт ай өтетінін ескертіп жазған. Депутат су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарына көмектесуді талап етеді.

"Осы жылы төтенше жағдай жарияланған жерлердегі шаруаларға барлық ауылшаруашылық несиелерін үш жылға дейін шегеруді қарастыру керек", - дейді депутат.