Bugin
Фото: freepik.com
Индонезияның Бали аралында лай көшкіні болды. Көшкін туристердің ағаш вилласын шайып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 14 наурызда Джатилуви ауылында болды.
Нөсер жауын салдарынан ауылдағы суару арналары бұзылып, лай көшкіні туындады. Өкінішке қарай, табиғи апаттың кесірінен нидерландылық ер адам мен аустралиялық әйел зардап шекті. Лай көшкен кезде олар вилласында ұйықтап жатқан көрінеді.