Bugin
Фото: freepik.com
Үндістанда келіншек күйеуінің мал-мүлкін ұрлап, қашып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Келіншек бұдан бұрын бірнеше алаяқтық жасағаны үшін ұсталған. Сонымен қатар оған көмектесетін тобы бар екені де анықталды.
Келіншек Махараштра штатының 32 жастағы тұрғыны екені расталды. Келіншек күйеу жігітті алдап, некелесіп, тойдан кейін жігіттің барлвқ қаражатын жымқырып кеткен. Полиция келіншекті 3 серіктесімен бірге қолға түсірді.