Bugin

“Бақыттымын”: анасын 22 жыл іздеген жігіт отбасымен қауышты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Қазақ радиосының видеосынан скриншот

 “Бармысың, бауырым” бағдарламасына Байгелдиев Берік  өзінің туыстарын іздеп келді. Ол өзінасырап алған отбасыда ер жеткен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Оның қазіргі есімі асырап алған ата-анасының тарапынан қойылған .Ол туған анасы Ерқосаева Айжамалды іздеп келген. Берік 1996 жылдың 6 маусымында дүниеге келген. Оның биологиялық анасы ол кезде небірң 17-18 жаста болған екен. Баланың 2 айында жүрегінде ақауы бар деп сәбилер үйіне тапсырған. Ол баланы баға алмаймын деп ойлаған. Бірақ ол баласына келіп тұрған. Әр келген сайын түрлі ойыншықтар мен тәттілер алып келіп,  баласын алып кететінін айтатын болған. Берік анасымен 6 жасына дейін көрісіп келген. Содан бері Берік 22 жыл бойы анасымен көріспеген.

Он бір жасқа толған кезінде оны балалар үйінен асырап алған. Оның жүрегінде тесік болған. Ол емдеуді қажет етпейтінін дәрігерлер айтта. Ол кішкентай кезінде ойнап жүріп, көз алдына найзағай түскен. Ол кәмелет жасқа толған соң, асырап алған ата-анасынан бөлек кеткен.

Бір ай бойы Беріктің туған анасын редакция ұжімі іздеген. Берік Қаскелеңде дүниеге келген. Кейін Шелекке ауыстырылған. Ол қазіргі қуанышымен:

“Өз отбасымды таптым. Аллаға шүкір (Берік жылап жіберді – Ә,Б). Бақыттымын. Қазақ радиосына рақмет айтамын. Мен қазір ата-анамды, бауырларымды таптым. Менімен 6 бауыр екенбіз. 5 ағам және 1 әпкем бар ”,-деді.

Ол бауырлары мен әкесін тапқан. Отбасы оны құшақ жая қуанышпен қарсы алған. Ол үйге барған кезінде дәл өзінен аумайтын баланы көріп таң қалған. Сөйтсе ол Беріктің туған інісі екен.