Bugin
Фото: depositphotos.com
Бүгінде Түркістан облысында жалпы 20 ауыл ішімдіктен мүлдем бас тартқан. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың қатарында Арыс қаласындағы – Дермене, Теміржолшы, Орманды, 40-разъезд елді мекендері, Бәйдібек ауданындағы – Түйетас елді мекені, Жетісай ауданындағы – Алмалы елді мекені, Келес ауданындағы – Шұқырсай және Мақташы елді мекендері бар.
Сонымен қатар, Мақтаарал ауданындағы – Табысты елді мекені, Ордабасы ауданындағы – Аққойлы, Жусансай, Төреарық және Көлтоған елді мекендері, Отырар ауданындағы – Қарғалы ауылы және Сауран ауданындағы – Жүйнек, Шекербұлақ елді мекендері, Төлеби ауданындағы – Алғабас, Оңтүстік және Диханкөл елді мекендері, сондай-ақ Қазығұрт ауданындағы – Шарбұлақ ауылы ішімдіксіз ауылдардың қатарына қосылған.
Бұл ауыл ақсақалдары мен ел ағаларының бастамаларымен қолға алынып отыр. Соның арқасында аталған ауылдарда қылмыс азайып, жастардың салауатты өмір салтына, спортқа қызығушылығы артқан.