Bugin

"Оқушы қызды зорлаған сәтін видеоға түсірген": мұғалімге енді сабақ беруге тыйым салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Англияда балаларға жыныстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін бастауыш мектеп директорының орынбасарына сабақ беруге тыйым салынды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол екі зорлау фактісі бойынша түрмеге жабылған. 2021 жылы Хиндлидің мұғалімі 13 жыл төрт айға бас бостандығынан айырылды.

Уигандағы мектептің қауіпсіздік бөлімінің бастығы 46 жастағы Джули Моррис мен оның серіктесі Дэвид Моррис 13 жасқа толмаған қызды зорлап жатқан сәтін видеоға түсііріп алған.

Кәсіби мінез-құлық комиссиясы енді оны қылмысының ауырлығына байланысты өмір бойына бұл кәсіппен айналысуға тыйым салды.

Моррис Уигандағы Англияның Сент-Джордж Орталық Шіркеуінің бастауыш мектебінде жұмыс істеген.

Оқытуды реттеу агенттігінің алқасы Джули Морристің әрекеттерін "қоғамдық  тәртіп пен балаларды қорғауға қатысты айқын және маңызды алаңдаушылық" тудырды және "оның әрекеті мұғалім болуымен түбегейлі үйлеспейді" деп тапты.

Комиссияның баяндамасында:

 "Моррис ханымның өз мектебінің қорғаушысы болғаны оның қылмысын ауырлатады. Ол өз жұмысы мен міндетін теріс мақсатқа пайдаланған",-делінген

Оған сабақ беруге тыйым салу туралы шешім қабылдаған Дэвид Оатли өз баяндамасында:

 "Оған қарсы дәлелденген айыптаулардың ауырлығын ескере отырып, мен Моррис ханымның оқу құқығын қалпына келтіру туралы өтініш беруге құқығы жоқ деп шештім",-деді.