Bugin

“Жантүршігерлік”: Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

3 сәуірде Самара-Шымкент автожолында Маржанбұлақ ауылының маңында Volvo жүк көлігі мен Өзбекстан Республикасы азаматы тізгіндеген Toyota-Аlhpard минивенінің қатысуымен жантүршігерлік апат болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушысы - барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары - оқиға орнында қаза тапты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылған және соның салдарынан жүргізуші көлікті бақылай алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, соқтығысқан.