Bugin

Топан суға тағы бір бала батып, көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөзден

Ақтөбеде қар суына батып кеткен тағы бір бала қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қайғылы оқиға Ақтөбе облысының Белқопа ауылында болған.

Әкімдіктің айтуынша, бала 2 сәуірде сабақтан шыққан. Олар көшеде ойнап жүргенде бір бала еріген қар суына түсіп, қайта шыға алмай, бала қайтыс болды.

Марқұм бала жергілікті мектеп мұғалімінің тұңғышы, 6 жаста болғаны айтылды.

Отағасы мектепте күзетші болып жұмыс істейді, олардың тағы екі қызы бар. Ұжым отбасына қажетті көмек көрсетіп жатыр, - делінген әкімдік таратқан мәліметте.