Bugin

"Мүмкіндігі шектеулі жүргізуші". Ер адам такси жүргізушісін алдап кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Бейнеден алынған

Ер адам мүмкіндігі шектеулі такси жүргізушісінің жол ақысын төлемей алдап кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz  Stan.kz -ке сілтеп.

Астанада белгісіз ер адам құлағы естімейтін және сөйлей алмайтын такси жүргізушін пайдаланып, жол ақысын бермей кеткен. Бұл туралы мүмкіндігі шектеулі азаматтың қызы мәлімдеп, көптен көмек сұрады. 

Арада бірнеше уақыт өткен соң  құзырлы орган алаяқты қолға түсірген.

"Бей-жай қарамай, видеоны таратуға атсалысқандарыңызға алғыс айтамын, Астана қаласы Алматы ауданының полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын! Олар менімен байланысып, камералар арқылы іздеп, әкем болған барлық нүктелерді тексеріп шықты. Түнде жігітті тапқандары туралы жазды. Әкемнің оған ешқандай шағымы жоқ, тек енді бұлай жасамауын өтінді. Жігіттен неліктен бұлай істегені туралы сұрағанда, ақшасы жоқ екенін, күндіз құрылыста, ал кешке курьер болып жұмыс істейтінін және "ақша табу үшін" осылай жасағынын айтты”, – деп жазды такси жүргізушінің қызы Лаура желідегі парақшасында. 

Полицияның мәліметінше, жол ақысын төлемеген такси жолаушысы жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан. Ол кешірім сұраған.

Ал зардап шегуші шағымданудан бас тартыпты.