Bugin

"Екі жасқа толмаған баланы ұрды". Тәрбиешіге қандай жаза тағайындалды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: yk-news.kz

Балабақша тәрбиешісі екі жасқа толмаған баланы ұрған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Маңғыстау облыстық соты бұрынғы тәрбиешінің жауапқа тартылғанын хабарлады.

"Сотталушы, яғни балабақша тәрбиешісі балабақшаның балаларға арналған жатын бөлмесінде бола тұра, екі жасқа толмаған баланы ұрып-соғып, дене жарақатын келтірген", - делінген сот жазбасында.

Сот отырысында сотталушы жәбірленушіден кешірім сұрайтынын жеткізген. Ол өз әрекетінен өмірлік сабақ алғанын, ісіне өкінетінен айтқан.

Тәрбиешіге Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігінің санкциясында белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 160 есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазасы көзделген.