Bugin

"Бәріне өзі кінәлі". Бишімбаевтың бұрынғы әйелі сот отырысына қатысты пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: obk.kz

Қуандық Бишімбаевтың экс-жұбайы Назым Қаһарман сот отырысына қатысты өз пікірін әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz-ке сілтеп.

Ол сот отырысынан соң әлеуметтік желісіндегі парақшасында: 

"Классика! Бәріне өзі кінәлі, барлығына өзі кінәлі. Мен де осыған ұқсас үнді тыңдадым... Ол керемет, кемелсіз, бірақ бұл менің кінәм", - деп жазды Назым Instagram парақшасында.

Сондай-ақ Назым Бишімбаевтың бірге сотталып жатқан ағасына ғана емес, өзіне де қысым көрсетуге тырысып жатқанын айтады.