Bugin

"ҚазАвтоЖолдың" бұрынғы төрағасы ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөзден

Ол аса ірі мөлшерде қаражат жымқыру күдігімен "ҚазАвтоЖолдың" бұрынғы басшысы Асқар Мұратұлы  екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен іс жүргізген. Тергеу барысында "бір көзден алу" жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен "ҚазАвтоЖо" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Мұратұлы ұсталған. 

"Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды", – деп хабарлайды агенттік.

Асқар Мұратұлы "ҚазАвтоЖол" басқарма төрағасы қызметін 2021-2022 жылдар аралығында атқарған.