Bugin

Танымал журналист өмірден өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Мемлекет және қоғам қайраткері, телевизия саласының жарық жұлдызы Ғаділбек Шалахметов өмірден өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.  

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің парақшасында жазды.

"Мемлекет және қоғам қайраткері, телевизия саласының майталманы Ғаділбек Шалахметовтің өмірден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Марқұмның отбасына, жақындарына және әріптестеріне шын жүректен көңіл айтамын. Ғаділбек Мінәжұлының жарқын бейнесі, кәсіби шеберлігі мен БАҚ саласындағы жарқын жетістіктері отандық журналистика тарихында өшпес із қалдырары сөзсіз. Марұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!" – деп жазды ол өз парақшасында.

Ғаділбек Мінәжұлы БАҚ саласындағы еңбек жолын Алматы телестудиясында бастап, Қазақ теледидары бағдарламаларының редакторы, бас редакторы, Қазақ ССР Телевизия мен радио хабарлары жөнiндегi Мемкомитетiнiң төрағасы қызметтерін атқарды.