Bugin

Ұлттық банк қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: bugin.kz

ҚР Ұлттық банкі алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын хабарлады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Ведомство хабарламасында:

“Қаражатты жымқыру мақсатында өздерін жеке сот орындаушылары ретінде таныстырған қылмыскерлер азаматтардың Ұлттық банкте “жеке тұлғалардың ашылған және сақтандырылған шоттары” бар екенін көрсететін жалған құжаттарды жібереді. Бұл ретте азаматтардан жәбірленуші ретінде ақшалай төлемдер мен өтемақыларды төлейміз деген желеумен кейіннен "Ұлттық банктің қаражаты" есебінен жабылатын сақтандыру жарнасын жасауды сұрайды”,-деді.

 Хабарламада алаяқтардың жалған құжат ұсынатыны, онда мөр, қол қойылған болуы мүмкін екендігі туралы ескертпе де бар:

“Азаматтардың сенімін арттыру үшін жалған құжаттарға мемлекеттік органдардың “уәкілетті тұлғаларының” немесе жеке сот орындаушыларының қолдары, аты-жөндері мен мөрлері де қойылады. Мұндай “растайтын құжаттар” азаматтарды үшінші тұлғаларға ақша аударымдарын жасауға сендіру үшін ұсынылады.

Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, азаматтардың қаражатын сақтандырмайтынын, халықпен қолма-қол есеп айырысуларды жүргізбейтінін еске саламыз”,-деді банк ескертпесінде.