Bugin

Қазгидромет қай аймақта су тасу қаупі бар екенін хабарлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: akorda.kz

Жайық  өзенінде су тақыны көлемі былтырғы жылдан 2-2, 5 есе көп. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық синоптиктер Жайықтың жоғары ағысын зерттеген   Росгидромет болжамдарына сүйеніп  көктемгі су тасқынының күтілетін көлемі 2023 жылғы орташа көпжылдық мәндер мен көрсеткіштерден 2-2, 5 есе асатынын айтты.

 Ведосмтво көктемгі су тасқынықауіпі туралы хабарламасында:

"Жоғарғы Орал су қоймасында (Ресей Федерациясының Челябі облысы) су тасқыны 0.36-дан 0.46 текше километрге дейін болады деп күтіліп жатыр.  Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 9 есеге көп және максималды көпжылдық сипаттамаларға жақындады.

 

Су тасқынының болжамды көлемі Ириклин су қоймасы (Ресей Федерациясының Орынбор облысы) 2.5-тен 3.5 текше километрге дейін, бұл 2023 жылғы мәліметтерден екі есеге дерлік және тарихи максимумға жақындады.

 Сақмар-татар Қарғалы (Ресей Федерациясының Орынбор облысы) учаскесі үшін су тасқыны 5.0-ден 6.0 текше километрге дейін болады деп болжануда, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен де жоғары",-деп мәлімдеді.

Қазақстан аумағында Орал-Көшім (Батыс Қазақстан облысы) гидропосты бойынша өзенді ашудың күтілетін мерзімдері 2024 жылғы 7-12 сәуір аралығында болжанады. Орал-Көшім учаскесіндегі көктемгі су тасқыны көлемі 11.0-ден 15.0 текше километрге дейін болады деп күтіліп жатыр.  Бұл өткен жылғы көрсеткіштерден едәуір асып түседі және рекордтық мәндерге жақындайды.