Bugin
Фото: depositphotos.com
Атырауда соңғы 2 жылда болмаған жағдаят тіркелді. 26 жастағы келіншек уақытынан бұрын үшемдерді дүниеге алып келді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін, 4 сәуір күні облыстық перинаталды орталығында 28 ақпан күні жарық дүние есігін ашқан нәрестелер үйіне шығарылды.
Дәрігерлердің айтуынша, үшемнің анасы Астана қаласында босануды жоспарлаған. Санавиация да дайын болды. Дегенмен, Атырау облысында білікті дәрігерлер жеткілікті болғандықтан, жоспарлы түрде кесер тілігі әдісімен ота жасалды. Перинаталдық орталықтың дәрігерлері үшін әйелдердің егіз не үшемге жүктілігі кезінде мерзімінен бұрын босану жағдайлары таңсық емес. Абырой болғанда, ота сәтті өтіп, екі қыз бен ұл дүниеге келді. Бірінші болып салмағы 1 келі 700 гр ұл, одан кейін 1 келі 800 гр және 1 келі 400 гр екі қыз дүниеге келді.
Үшемнің анасы Бекзада Қыдырбаева:
"Бойыма үшем біткенін білген кезде қатты қорықтым. Алғашқы УДЗ қорытындысымен бір бала, екіншісінде егіз деп айтты. Кейін үшем екенін білдік. Бірден енеме хабарласып, жылап алдым. Оларды қалай өсірем, қиын ғой деп ойладым. Бірақ енем бұл Жаратқанның сыйы екенін және бірге өсіретінімізді, қолдайтынын айтып жұбатты. Менің де, жолдасымның да тұқымында егіздер бар және көп. Бірақ үшем болмаған екен", - деді.