Bugin

"Ұйықтап жатыр деп ойладым": Бишімбаев неліктен жедел жәрдем шақырмағанын түсіндірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

Бишімбаев бүгінгі сот отырысында жауап беріп жатыр. Бишімбаев соттағы үзілістен соң,  неліктен жедел жәрдем шақырмағанын айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Прокурор "БАУ" мейрамханасына неліктен жедел жәрдем шақырмағанын сұрады.

“Мен оны ұйықтап жатыр деп ойладым. Ол кезде оның түрі сіздердегі суреттегідей емес еді. Ол ұйықтап жатқан сияқты көрінді. Мен көгерген жерлерін көрсем де, ұйықтап жатыр деп ойладым”,-деп жауап берді.

Прокурор Бишімбаевтың ұрып жатқан видеосы туралы сұрады. Ол жерде дәретханадан шыққан соң, Бишімбаев Нүкенованы вип-кабинкаға алып кетеді.

“Ол жылаған жоқ, көмек сұраған жоқ. Тек үнсіз болды. Маған оған не болғанын бағалау қиын болды”,-деді ол.

Судья жуынатын бөлме, Бишімбаевтар отырған бөлме және салфеткалар қан бола тұра неліктен Нүкеноваға көмектеспегені туралы сұрады.

Бишімбаев ол зерттеуге келіспейтінін, тек Салтанат құлаған жерлер қан болғаны туралы айтты.