Жарнама
Бүгінде Германия мемлекетін естіген сәтте «Mercedes-Benz» көлігі сап етіп еске түсетіні анық. Аталмыш көлік өзінің жайлылығымен жұртты баурап алатыны белгілі жайт. Әлемдегі танымал компаниялардың көшбасшылардың қатарынан ойып тұрып орын алатын көлік қашан пайда болды? Тереңірек үңіліп көрейік
Карл Фридрих Михаэль Бенц 1844
жылы Германияның Ладенбург қаласында дүниеге келген. Небәрі 2 жасында әкесінен
айырылған Бенц шешесінің қолынан тәрбие алады. Әкесін орнын жоқтатпауға
тырысқан анасы оны барынша көйлегін көк, тамағын тоқ етіп, қатарынан қалдырмай,
мектепте оқытады. Мектептен соң, Карслруэ университетінде техникалық механика
факультетін тәмамдап, әртүрлі өнеркәсіптерде алғашқы қызметін бастап
кетеді. Жұрт қатарлы тек біреуге қызмет ету арқылы пайда тапқысы келмеген
Бенц, сол заманда ақ көлік ретінде қолданыста жүрген жылқының орнын
алмастыратын автокөлікті ойлап шығаруға барынша тырысады. Автокөлікті тек
теориялық түрде жасап шыққан Бенцке, қалтасы қалың, қаржылай көмек қолын
созатын инвестор ауадай қажет еді. Сол мақсатта 1871 жылдан бастап, әртүрлі
көпестерге өзінің жаңалығын көрсетіп, қаржыландыруын сұрайды. Бірақ барлығы
одан бас тартады. Бірде кезекті рет инвестор іздеп жүрген Бенц Маннштедтер
әулетімен кездеседі. Аттың көмегінсіз жүретін көлігін жасасуға Маннштедті
барынша өзіне инвестор ретінде қалағанымен, ол одан бас тартады. Сонымен қатар
ол үйде Вильгельм фон Маннштед пен Берта Рингер некелеспекші болатын.
Бірақ Берта бай әулеттің баласына сенбей, көңілсіз жүрген Бенцке көзі түседі.
Бенцтың ашпақшы жаңалағынан құлағдар болған Берта оны барынша ұнатып қалып,
тұрмысқа шығып кетеді. Күйеуінің жаңалық ашуына тек қана сөзбен емес, қаржылық
түрде де барынша қолдау көрсеткен Бертаға тіпті Бенцтың өзі таңғалған.
Күні-түні жасаған әрекетінен 1877 жылы 2 дөңгелекті қозғалтқышты өмірге әкеледі. Теориялық түрдегі жұмысының тәжірибе барысында орындаған Бенц өмірге жаңалық әкелген еді. Дегенмен Штутгарт қаласында Готлиб Даймлер 4 дөңгелекті қозғалтқышты жасап шығып, алғаш патенттеп алады. Салдарынан Бенцтың жасаған 2 дөңгелекті қозғалтқышы еленбей қалып, инвесторлары одан бас тартады. Жағдайын енді ғана түзей бастаған Бенц қайта кедейшілік өміріне оралады. Сонда да көңілі қалмаған Бенц ары қарай көлік жасау идеясынан бас тартпайды. Нәтижесінде 1885 жылы 3 дөңгелекті «Motorwagen» көлігін жасап шығарады. 1885 жылға дейін бүкіл қала тұрғындары Бенцты келеке етіп, қияли есебінде санап келген еді. Жаңа автокөлікті көрген сәтте бәрі таңғалады. Ал қарсыласы Даймлер ол сәтте де қалыс қалмай, өмірге сағатына 12 шақырым жылдамдықты құрайтын мотоциклді әкелген болатын. Бенцтың жасап шыққан көлігінің басты кемшілігі ұзақ уақытқа шыдамауы еді. Осындай кемшілігі барына қарамастан, ол 1886 жылы Париждегі көрмеге автокөлігін шығарады. Бірақ оның көлігі ешкімді қызықтырмады. Көңілі түскен Бенц барынан бас тартып, автокөлік идеясынан бас тартпақшы болған. 1888 жылы әйелі Берта 105 шақырым қашықтықта орналасқан Пфорцгейм қаласына аталмыш көлікпен барып, күйеуінің шабытын қайта оятады. Дегенмен аталмыш көлікпен Бертаға Пфорцгейм қаласына бару оңайға соқпады. Жолда көлікке бірнеше рет бензин құяды сонымен қатар қырға шыққан сәтте тек итеріп қана шыққан. Міне осындай кемшіліктерді көрген Берта күйеуіне бензиндік қозғалтқышты қоюға кеңес береді. Осылай Бенц көлігін бірте-бірте дамытып, 1894 жылы Парижде алғаш рет автокөліктер жарысына қатысады. 1897 жылы көпшіліктің таңдайын қақтырған аталмыш көлік сұранысқа ие бола бастайды. Ал Даймлер тек қана Германиямен шектелмей, ағылшындық кәсіпкер Ф. Симмске көлікті сатқан болатын. Екі жақта да жетістіктерге жеткен Бенц пен Даймлер кейіннен бірігіп, бір-бірінің кемшіліктерін толықтыруға тырысады. Ал компания Даймлер-Бенц деп аталады. 1900 жылы Даймлер өмірден өткен соң, австриялық көпес Эмиля Еллинек жаңа шыққан автокөліктерге қызы Мерседес Еллинектің атын қойса, 37 көлік алатынын жеткізеді. Осылайша, 1901 жылы көліктің аты Мерседес-Бенц болып, күні бүгінге дейін қызметін жасауда.
Мерседес-Бенц көлігіндегі қызықты жайттар
*Мерседес көлігіндегі үш жолақты белгі ауада, жерде, суда да жүре беретіндігін аңғартады.
*Мерседес көлігі барынша жайлы, қымбат болғаны соншалық, әлемге танымалы «Миллионер из трущоб» киносында аталмыш көліктің Үндістанның кедей аудандарында қолдануына тыйым салынған.
*Мерседес көлігін өмір бойы Стив Джобс мемлекеттік нөмірсіз жүргізген. Оның басты себебі: Калифорнияда 6 ай бойы нөмірсіз жүруге рұқсат беруі. Стив Джобс 6 ай бойы көлігін жүргізген соң, көлігін ауыстырып, жаңа мерседес алып отырған.
*Мерседес көлігі тарихтағы ең алғаш оқ өтпейтін көлік ретінде саналады. Ол 1911 жылы Ресейде жасалған. 1998 жылы 9 ақпанда Грузия президенті Эдуарда Шеварнадзе «Мерседес S600» көлігімен кетіп бара жатқан сәтте 4 автоматпен және гранатомётпен шабуыл жасалынады. Дегенмен көліктің арқасында ел басшысы аман қалып, мерседестің атағы тағы да біршама деңгейде өсе түсті.