Bugin
Фото: depositphotos.com
Елімізде 18-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар 1 миллион теңгеден ала алады. "Zhas Project" жобасына қатысуға өтінім беру басталып кеткен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Жоба Қазақстанның 20 өңірінде қолға алынған. Жұмыссыз жастар арасынан 1 миллион теңгеге дейінгі 280 шағын грант иесі анықталады.
"Zhas project" жобасының негізгі мақсаты – Қазақстандағы NEET санатындағы жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. Жоба аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіледі, сондай-ақ жұмыспен қамту және білім беру салаларынан уақытша тыс қалған 18 бен 35 жас аралығындағы жас қазақстандықтарға қолдау көрсетіледі.
Өтінім қабылдау 24 сәуір күнгі сағат 23:59-ға дейін жалғасады. Өтінімді мына сілтемеге өтіп бере аласыз.