Bugin

“Өлтіре саламыз”: нағашы ағалары жас қызға зорлық көрсеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева өзіне келген хаттың бірін жариялады. Жас қыз нағашыларынан қорлық көргенін жазған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Қыздың ата-анасы ажырасып кеткен. Анасы қызын алып нағашыларының үйін паналаған. Алайда нағашы ағалары қызға тиіскен. Ал анасы күнде жұмыста екен.

"Анама айтпадым. Туыстық қатынастарын үзіп тастайды деп қорқамын. Қазір ол нағашыларымның отбасы, балалары бар. Олар маған "айтсаң өлтіре саламыз" деп айтты.  Мен ол жағдайды қалай ұмытсам болады?",- деп жазған жазбада.