Bugin
Фото: ашық дереккөз
Майқайың-Алтын кен орнында жоғалып кеткен екі қызметкердің отбасына бүгінге дейін жалақы төленіп отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Адырна" ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Алайда отбасы оларға ақша емес, марқұмдардың мүрдесін тауып беруді сұрайды.
Жоғалған 36 жастағы құтқарушы Айдос Шаймерденнің артында ата-анасы, әйелі мен бес баласы қалған.
Жоғалып кеткен азаматтың әкесі қайғылы оқиғадан кейін екі рет инсульт алған. Марқұмды жоқтап Астанаға оның отбасы мен туыстары келген.
Айдос Шаймерденнің жеті жасар ұлы Ерсұлтан да Астанаға келген. Баланың айтуынша ол әкесінің астананы көрсетуге уәде бергенін есіне түсірді.
"Күніміз бен түніміз жылаумен өтеді. Қарт әкесі инсульт алған, ал анасының қан қысымы көтерілген. Жалғыз ұлы жоқ. Оны дұрыстап жерлей де алмадық қой", – дейді Айдос Шаймерденнің жұбайы.