Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: ТЖД
Петропавлда да төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жағдай туралы қала әкімдігі мәлімдеді. 4 сәуірден бастап Петропавл қаласында төтенше жағдай режимі жарияланды.
“Сондай-ақ, кәріз коллекторлары мен суағарларға түсетін жүктеменің артуына байланысты, Абай көшесі бойындағы коллектор істен шыққан болатын. Кесірінен тұрғындардың қалыпты тыныс-тіршілігі бұзылып, бірнеше тұрғын үй су астында қалды.
Авариялық жағдайды жою және қоршаған ортамен тұрғындарға келтірілген шығынды минимизациялау мақсатында қала әкімінің шешімімен 2024 жылғы 4 сәуірден бастап Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланады”, – делінген ақпаратта.