Bugin

"40 жасында": Түркістандық әйел үшем босанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістанда 40 жастағы әйел үшем босанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Түркістан облысының әкімдігі қуанышты хабармен бөлісті.

Бәйдібек ауданының тұрғыны әрі көпбалалы ана Жансауле Доспанова 5 перзенттен соң үшемді болды.

Мерзімінен бұрын туған үшемнің жағдайы бірқалыпты.  Үш ұлға туыстары Нариман, Нұриман және Нұрман есімдерін қойған.

Ал балалы ана үшемге аяғы ауыр екенін естігенде қобалжығанын да жасырмады.

"Күтпеген жерден дәрігерге қаралып, үшемді болатынымды естігенде басқаша сезімде болдым. Жалпы, 5 балалы болған соң, сәбилі болуды жоспарламағанбыз", – дейді ол.