Bugin

"Ресми және мейрамханадан алатыны": Бұрынғы министр Бишімбаевтың жалақысы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: smartnews.kz

Бишімбаев сотта марқұм әйелі Нүкеноваға ірі көлемде қаражат аударғанын мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол Салтанатқа ай сайын 4 миллион теңгеден аударғаны туралы айтқан.

Ал жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова айыпталушыдан айына қанша табыс тапқанын сұрады. 

"Мен ресми түрде жұмыс істеген жерде айлығым 1 миллион теңге болды. Бұл – жалақым. Ал ай сайынғы табысым мейрамханың кірісіне қарай 8-15 миллион болған", - деді Бишімбаев.

Экс-министр Қуандық Бишімбаев оқиға болған "BAU" мейрамханасының қожайыны екенін растады.