Bugin

"Анасы ұрған". Желіде қызына пышақ тақаған ананың видеосы тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: otyrar.kz

Әлеуметтік желіде әйелдің жасөспірім қызға пышақ сермеген видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы otyrar.kz-ке сілтеп.

Видеода қолына пышақ ұстаған әйелдің жасөспірім қызға пышақты бетіне тақағанын көруге болады. 

Ол қыздың бетінен ұрып, басынан шелекпен соққы жасаған.

Шымкент қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Қазір қыз әкесінің қолында екені айтылды.

"Полиция қызметкерлері бейнежазбада көрсетілген тұлғаларды анықтады. Аталған факті бойынша 2024 жылдың 31 наурызында қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды", – делінген полиция хабарламасында.