Bugin

Еліміздің 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

"Қазгидромет" мамандарының болжамы бойынша, бүгін еліміздің жеті облысында тұман түсіп, дауыл тұрып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының солтүстігінде және батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұман басады.

Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнап, қатты жел тұрады.