Bugin

"Шашы, көзі қоңыр": Алматыда жоғалған 15 жастағы қыз 5 айдан бері табылмаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

©️ instagram/volontery_almaty_lider.kz

Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз 5 айдан бері іздестіріліп жатыр. Бұл туралы LIDER.KZ  Instagram-парақшасында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Коваленко Валерия Денисовна 2023 жылдың 24 қарашасында іс-түссіз жоғалған. Сағат 23:00 шамасында Іле ауданы, Боралдай ауылы, Әзірбаева көшесі, 102 үй мекенжайындағы үйден шығып кеткен.

Валерия туралы деректер: 2009 жылы туған, бойы -150 сантиметр, арық денелі, шашы қоңыр, иығы ұзын, көзі қоңыр. Ол жоғалған күні қара күрте мен қара шалбар киіп жүрген.

"Егер қыздың қайда екені туралы ақпарат болса немесе оны көрген болсаңыз, бізге телефон/WhatsApp +7701 3759291, +7705 1053131 немесе "102" нөміріне хабарласыңыз", - делінген хабарламада