Bugin
Фото: "ҚазАвтоЖол"
5 сәуір сағат 09:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3280 метр болатын су тасқыны болды.
6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 285 бірлік техника мен 312 адам жұмылдырылған