Bugin
Фото: freepik.com
Құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға келген хаттардың бірінде 35 жастағы ер адам басынан өткен оқиғаны баяндаған, деп хабарлайды, Bugin.kz порталы.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Ер адам жастайынан туған ағасынан қорлық көріп келе жатқанын жазды. Ол тіпті анасының шашынан сүйреп, әкесін ұрып тастайды екен. Түрмеге қамалып шыққасын қайта әдетіне басатын көрінеді.
"Анамды шашынан сүйрейті. Әкем ештеңе дей алмайды. Оны да ұрып тастайды. Ең сорақысы қарындасын, үшінші әпкемізді зорлап келген екен. Бұл өте қорқынышты. Неше рет түрмеге отырып келгенін тіпті ұмытып қалдым",- деп жазған жігіт.