Bugin
Фото: depositphotos.com
Музыка пәнінің мұғалімі Султанов А. шәкіртін зорламақ болғаны белгілі болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Darakchi.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Өзбекстанда болған. 1957 жылы туылған зейнеткер музыка пәнінің мұғалімі Сұлтанов Александр 12 жастағы қызды екі жыл бойы ұстаздық ету кезінде қорлап, зорлауға шақ қалғаны белгілі болды. Күдікті отбасының толық сеніміне кіріп, тіпті олардың үйіне де барған.
Ер адамға Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 119-бабының 4-бөлігімен (14 жасқа толмаған адамға табиғи емес жыныстық қатынасқа түсу) айып тағылды.
Ташкент қалалық соттары бұл азаматтың Қылмыстық кодекстің 119-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады.
Жазаны жалпы тәртіптегі колонияда өтеу туралы шешім қабылданды.