Bugin

Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған "Гастро-орталық" кімге тиесілі екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев қылмыс болған "Гастро-орталық" кімге тиесілі екенін айтты, деп хабарлайды Bugin. kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Зардап шеккен тараптың мүддесін қорғаған адвокат Жанна Уразбахова Бишімбаевтан қылмыс болған мейрамханаға қатысы бар-жоғын сұрады.

"Иә, мен бұл мейрамхананы басқарамын және иесімін", - деп жауап берді Бишімбаев.

Сондай-ақ, адвокат Бишімбаевтан осы мейрамхана орналасқан "Гастро-орталық" кімге тиесілі екенін сұрады. 

"Бұл кәсіпорынның бір акциясы менің анама тиесілі. Онда бірнеше серіктес бар. Солардың бірі менің анам", - деді сотталушы.