Bugin

Елордада тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Елордада тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Bugin.kz  порталы Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап. 

3 сәуірінде Басқарма басшысы Ғ.Ж. Тәжиев Астана қаласы Прокуратурасының үйлестіруімен Полиция Департаменті, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Құрылыс істері комитеті, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті, "Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы" ЗТБ, "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ, "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ өкілдері, танымал маркетплейстердің Korter.kz және Krisha.kz өкілдерінің қатысуымен, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл мәселесі бойынша кеңес өткізілді.


"Қазір рұқсат құжаттамасы, оның ішінде үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты жоқ құрылыс салушылардан төмен құны бойынша пәтер сатып алу істері бар. Алдын ала брондау, резервтеу, инвестициялау шарттары сияқты қолданыстағы заңнаманы айналып өту кезінде жасалған мәмілелер жарамсыз екенін атап өткен жөн", делінген хабарламада.


Толық ақпарат алу үшін басқармаға төмендегі телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7172) 55-04-28.