Bugin

"Қатты тоңып қалған": су тасқыны кезінде жоғалған азамат табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polisia.kz

БҚО-да учаскелік полиция инспекторы су тасқыны кезінде жоғалған ер адамды тапты. Бұл туралы Bugin.kz  тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 Бөрлі ауданы Кентүбек аулында 2 сәуірден 3 сәуірге қараған түні 1966 жылы туған ауыл тұрғыны хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Полиция қызметіне дабыл түсірген жұбайы жоғалған азаматтың бірер сағат бұрын хабарласып, бірақ сәлден соң телефон тұтқасын алмайтынын айтып жеткізеді. Сөйтсе ол вахталық жұмысын тапсырып, Ақсай қаласына жаяу шыққан екен. Ауылдан 5 шақырым қашықтықта ауыл айналасын су басып кеткенін байқайды, әрі судың ағысы қатты, амалдап көріп, өте алмайтынын түсінеді. Телефонының қуаты таусылып, сол жерде күтуге тура келеді.

Жоғалған ер адамды сол ауылдың учаскелік полиция инспекторы Асхат Каукеев ауыл тұрғындарымен бірге іздей бастайды. Полиция қызметкерлері трактормен ауыл айналасынан жүріп өтіп, 4 шақырым қашықтық жерде жатқан ер адамды көреді. Абырой болғанда, ер адам дін аман, бірақ қатты тоңып қалған. Айта кету керек, сол уақытта су тасқынына байланысты Кентүбек ауылының тұрғыны эвакуацияланып, қауіпсіз жерге көшірілген болатын.