Bugin

“Әкімдіктен көмек жоқ”: Жылыой ауданы тасқынға төтеп бере алмай жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр/ҚазАвтоЖол

Атырау облысындағы Жылыой ауданы тасқынға төтеп бере алмай жатыр. Әлеуметтік желіде шарасыздықтан жылап, көмек сұраған әйел адамның видеосы тарады.  Өңірде төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар жариялаған видеода судың кетіп қалғаны, әкімдіктен көмек болмағаны айтылады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Видеода келіншек көмек сұрайды:

“Бүкіл Қазақстан халқынан Жылыой тұрғындары көмек сұраймыз. Бізде эвакуация дейді, бірақ оған дейін бару үшін Майкөмген – Атырау трассасын су шайып кетті. Ақтауға шығатын жолды бөгеп тастаған. Эвакуация тек мектептерге жасалып жатыр. Қазіргі таңда барлығы суға кетіп жатыр. Естіп тұрған шығарсыздар: сирена ойнап жатыр. Бізді осындай қалге жеткізген әкімшілік деп есептеймін. Осы уақытқа дейін Гүлнафис деген ханым бәрі жақсы болады деп сендірді. Әбігерге салынбадық. Халыққа ештеңе айтпады. Су әбден көтерілгенде еріктілерді іздейміз. Бүкіл халық осымен төртінші күн су бөгетті қарауылдап дұрыс ұйықтамай жатырмыз. Шлюз ашылмай жатыр. Бар жақты су басып жатыр. Қазақ халқынан көмек сұраймыз. Төтеншеліктер де жоқ. Бәрі кеш деп жатыр. Бәріне халық жүгіріп жүр”,-деп әйел жылап жібереді.

Жағдайды мына сілтемеге өтіп көре аласыздар.