Bugin

“20 жаста”: Қарағандыда келіншек 2 және 4 жасар балаларын өлтірген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Қарағанды облысында екі және төрт жастағы бүлдіршіндерін өлтірді деген күдікпен әйел адам қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Бейресми ақпарат бойынша, 20 жастағы келіншек бауыр ете балаларын буындырып өлтірген.

"Гагарин ауылына азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар өткен жылы күзде Теміртау қаласынан көшіп келген. Екеуі де жұмыссыз. Бірақ жағдайы нашар ретінде тіркеуге алынбапты. Келіншек оның алдындағы некелерінен үш бала туған. 16 жасында тапқан тұңғышы төртте, ортаншысы - екі жаста, кішісін босанғанына жыл толмапты. Келіншек емізулі нәрестесіне ғана тиіспепті. Қазір ол балалар үйінде. Ауыл әкімінің айтуынша, полицияны кеше - 4 сәуірде кешкілік оның күйеуі шақыртыпты. Қылмыс ол үйде жоқ кезде жасалған. Күдікті 2019 жылға дейін психдиспансер тізімінде тұрған екен. Көршілері бұлардың ешкіммен араласпайтын, жиі жанжалдасатынын айтады",-деп хабарлайды КТК арнасы.