Bugin

“Қуанатын кез алда”: Жәнібекке анасы болуы мүмкін төрт әйелдің ДНҚ қорытындысы шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Танымал журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібекке қатысты жаңа деректі жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Журналист қан тапсырған 4 әйелдің анализінің қорытындысы шыққаннын хабарлады. 

"Қадір түні алдында сүйінші жаңалық бола ма деп күтіп едік. Тағы төрт әйелдің анализі 0 пайыз шықты… Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай, ізін таппайтындай еткен ғой, Арқалық перзентханасы мен балалар үйі. Бірақ біз беріспейміз, қуанатын кез алда, Жани. Жауаптыларға тықыр таянды", – деді ол.