Bugin

“4,8 балдық”: тағы жер сілкінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Кеше таңертең АҚШ-тың шығыс жағалауында болған 4,8 балдық жер сілкінісінің дүмпулері Нью-Йорк пен оның айналасында сезілді. , деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Жерасты дүмпулерінің ошағы Нью-Джерси штатындағы Ливан қаласына жақын жерде, Нью-Йорктен батысқа қарай 64 шақырымдай жерде болды. 

Нью-Йорк пен оның маңындағы аудандарға келтірілген шығын көлемі әлі нақтыланған жоқ. Бүгінде шаһардың өрт сөндіру қызметі оның салдарын бағалап жатыр. 

Американың шығыс жағалауында жер сілкінісі сирек кездеседі және бұл Нью-Йорк қаласында соңғы онжылдықтардағы ең күшті жер сілкінісі ретінде тіркелгенін атап өткен жөн.

Әлеуметтік желі қолданушылары жер сілкінісі Филадельфиядан Нью-Йоркке дейін және шығыс жағалауда Бостонға дейін сезілгенін хабарлады.

Жер сілкінісі салдарынан Нью-Йорктің бірнеше әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты.