Саясат

«Бавилон мұнарасы» немесе «Бауырластық» жолы

Саясаттағы бағыттар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

20 ғасырдың алғашқы жартысында тарихты төңкерген үш кесапат орын алды. Біріншісі Муссолини негіздеген фашизмнің католицизмнің ордасы Италияда пайда болуы,  екіншісі Сталин бастаған тоталитарлы-террорлы жүйенің православияның рухани ордасы Реседей қалыптасуы, үшіншісі Гитлердің нәсілшілдікке негіздеген нацизмнің протестанттықтың орталығы Германияда орнығуы. Сәйкестік пе?! Белгісіз.

Енді тарих қойнауына көз жүгіртсек, сонау бағзы замандағы Бавилон мұнарасы туралы аңызды естіген боларсыз!? Естімесеңіз айтайын. Есте жоқ ерте заманда адамдардың бәрінде бір тіл, бір діл болыпты. Адамзат баласы бірігіп алып мұнара тұрғызбаққа бел байлап, Құдайға жетеміз деп топшылапты. Мұнара басы  көкке жете бергенде жаратушы  адамдарды әр тілде сөйлетіп, бірін-бірі түсінбестей хәлге айналыпты, әлгі мұнаралы жайына қалып әр халық өз жөнімен кетіпті дейді аңыз-тарих. Бұл туралы барлық қасиетті кітіптар да жазады. 

Енді әлгі үш мемлекет сол "Бавилон мұнарасын" тұрғызуға ұмтылды ғой. Бар халық бір тілде болады, бір ділде болады деп саясат құрды. Ақыры жоспарлары іске аспады. Қазіргі кейбір империялардың "Бавилон мұнарасын" құруын ессіздік деп түсінбеске амал жоқ. 

"Еркіндік, Теңдік, Бауырластық" ұраны естеріңізде ме? Әсілі бұл масондардың ұраны. Масондық жалпы Еуропада пайда болып, Жаңа құрлықта жайылып, шет жағасы Петр І бірге Ресейге де таралды. Осы ұранның "Теңдік" бөлігі қазіргі АҚШ-тың басты саяси бағыты.  Ақ нәсіл мен қара нәсіл тең, қытай мен ағылшын тең, ер мен әйел тең, заң алдында бәрі тең... "Еркіндік" – Еуропаның ұраны.  Жыныстық  еркіндік, баспасөз еркіндігі, митингтер мен пикеттер...

Үшінші "Бауырластық" жолы  алғашында Ресей империясында, кейін оның мұрагері КСРО-да басты ұранға айналды. Бауырлас елдер бір-біріне сүйеу бола білді, бауырлар Ресей-Анасын "күтіп баптады", КСРО-ны "арулап жер қойнына тапсырды". Ресей Федерациясы мен Украина арасында кейіннен бір уыс жер үшін мұрагерлікке талас басталды. Енді бұл мәселені "отбасылық кеңес" шеше ала ма?!