Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: freepik.com
"Қазгидромет" РМК мамандары еліміз бойынша 7 сәуірге арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Синоптиктердің болжауынша, елімізде ауа райы тұрақсыз болады, көбіне жаңбыр жауады. Жауын-шашын тек республикамыздың солтүстік өңірін айналып өтеді.
"ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, республикамыздың оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады деп болжанады. Жауын-шашынсыз ауа райы антициклон ағымы әсерінен тек солтүстік аймақтарда ғана болады. ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі жалпы сипат береді, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл тұрып, найзағай ойнайды деп күтіледі",-делінген хабарламада.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61