Bugin

БҚО-дағы су тасқыны бойынша жағдай белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Елдегі су тасқыны бойынша ағымдағы жағдай туралы БҚО ТЖД ақпараттық аналитикалық тобының аға-инженері Нұржан Маратұлы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.


"БҚО бойынша 1 сәуірден бастап су тасқыны бойынша төтенше жағдай жарияланған болатын. Қауіптің беті әлі сейілмеді. Бүгінгі күні су тасқынының алдын алу өз жалғасын табуда. Қазіргі күні облыс бойынша 7039 адам эвакуацияланды. Оның 3538 балалар. Облыс бойынша 161 пункт жұмыс жасап жатыр. Мыға жуығы орналасты. Қалған тұрғындар туыстарының үйінде. Жалпы миллион метр куб қар суы сорылды. Жүз мыңнан астам қапшық төселген болатын. Күш құралдары бойынша Маңғыстау облысы ТЖД көмек келді. Алматы облысы Ұзынағаштан әскери бөлімнің жігіттері келіп көмектесті. Қазір Орал қаласы бойынша 10 пост дайындалды. Күнделікті маниторингтен Жайық өзенінің көтеріліп келе жатқанын байқаймыз",- деді Тілеуіш Нұржан Маратұлы.