Bugin

“Қазақстанға әсер етеді”: екінші дамбы жарылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ресей ТЖМ

Орскідегі бүтін бір ауыл халқын су тасқынына байланысты шұғыл эвакуациялау басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ВВС-ге сілтеп.

Орскіде су басу аймағынан эвакуацияланған тұрғындар үшін 12 уақытша орналастыру орталығы ұйымдастырылды.

Орск мэрі Василий Козупица су тасқыны жағдайының күрделеніп бара жатқанын айтты.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Александр Куренков президент Владимир Путиннің тапсырмасымен шұғыл түрде Орынбор облысына ұшып келген. 

Орскіде Жайық өзеніндегі көлемді бөгет жарылып, салдарынан екі жарым мыңға жуық үйді су басқан. Аймақта төтенше жағдай жарияланып, тұрғындар эвакуациялануда. Билік мұндай «су тасқыны 100 жылда бір рет болады» дейді.

Ал мұның әсері Қазақстанға барады. Елдің Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайдың бақылауда екенін атап өтті.