Bugin
Фото: inform.kz
Атырау облысы әкімі аймақтағы әлі қауіп сейілмеген жерлерді атады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Серік Шәпкенов су тасқынымен күреске 2 млрд теңге бөлінгенін мәлім етті.
Әкімнің сөзінше бұл қаражат әлі де өсуі мүмкін. Себебі халық ұшыраған шығынның бәрі есептеліп, өтелетін болады.
Атырау облысы әкімінің айтуынша, дәл қазір аймақта ең жоғарғы тәуекел Индер, Махамбет ауданы мен Атырау қаласына төнген.