Bugin

Апатты аймақтарда 100 сәби өмірге келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Pixabay

Төтенше жағдай жарияланған өңірлерінде 100 бала аман-есен дүниеге келді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы BAQ.KZ-ке сілтеп.

Су басқан Қостанай облысында - 8 сәби дүние есігін ашқан. Ал Ақтөбе облысында – 14 сәби, Батыс Қазақстан облысында - 22 нәресте туылса, Абай облысында 4 сәби дүниеге келді.

Қарағанды облысында – 2 сәби, Атырау облысында – 18 сәби, Ақмола облысында – 32 сәби дүниеге келді.

Су тасқыны басталғаннан бері төтенше жағдай жарияланған өңірлерде 84 жүкті әйел эвакуацияланған болатын.