Bugin
Фото: Bugin.kz
Бүгін, 8 сәуірде Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Сот кезінде Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Бишімбаевқа сұрақ қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сұрақтар мен жауаптар төмендегідей.
Амангелді (Салтанаттың ағасы): Кім таныстықты бастады?
Бишімбаев: Мен.
Амангелді: Кім үйленуге ұсыныс жасады?
Бишімбаев: Мен.
Амангелді: Сіз Салтанатқа қалай қарадыңыз?
Бишімбаев: Мен оны жақсы көрдім.
Келесі сұрақта Салтанат Нүкенованың ағасы оның денесі қайда жатқанын сұрады.
"- Денесі қайда жатыр?
- Павлодарда. - Нақтырақ қайда жатыр? Егер білмесең, айтайын, оның денесі жердің астында жатыр", - деп нақтылап айтты Салтанаттың ағасы.
Амангелді: Сізді сүймейтінін сездіңіз бе?
Бишімбаев: Жоқ.
Амангелді: 8,9 қарашада болған оқиғаларда ол жылады ма?
Бишімбаев: Жоқ, жылаған жоқ.
"Өзінің бетін, денесін қорғады ма?" деген сұраққа Бишімбаев төмендегідей жауап берді.
"- Иә, теріс бұрылып, өзін қорғады. Маған жауап беру қиын.
- Адам өзін қорғаса, оны әрі қарай ұра беру керек пе? Ол сені тастап кеткісі келді. Ал сен оны жібергің келмеді", - деді Салтанаттың ағасы Айтбек.
Амангелді: Салтанаттың кеткісі келгені және маған хабарласқаны сіздің жүйкеңізге тиді ме?
Бишімбаев: Маған бұл ұнаған жоқ.
Сіз қашан өз-өзіңізді бақылай алмадыңыз деген сұраққа Бишімбаев:
"- Ол мені боқтаған соң, мен есікті ұра бастадым. Ол мені боқтады, мен оны боқтадым. Дәретханада екі рет ұрдым. Басқа ұрған жоқпын. Артынша ол киімін шеше бастады", - деп жауап берді Бишімбаев.
Амангелді: Неге оның шашынан тартқыладыңыз?
Бишімбаев: Мен оны көтергім келді.
Амангелді: Басқалай көтеруге болмады ма?
Бишімбаев: Ол кезде болмады.
Сот отырысы әлі жалғасып жатыр. Келесі отырыс бүгін, 8 сәуір 14:30-да басталады.