Bugin

"Өте күрделі ота": танымал әзілкеш қазіргі жағдайын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

Танымал сатирик, актер Уәлибек Әбдірайымов Қытайдың Үрімжі қаласынан видео жариялады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Ол қант диабетінің қалайша оның аяғы мен көзіне әсер етіп, кедергі келтіргені туралы айтып берді. Ол қанда ем алып жатқаны туралы: 

“Қант диабетім аяғым мен көзіме әсер етті. Сөйтіп сол көзім әлсіреп кетті. Ташкентте 2 рет ота жасаттым. Дұрыс болмады. Сосын Қытайға тексерілдім. Олар “кім құртты, сол түзетсін” деді. Үрімжіден өнерімді сыйлайтын бауырларымыз шығып, бәрі жабылып Үрімжідегі аурханаға алып келді. Сөйтсем менің оң көзімде әлсіреп бара жатыр екен. Бұл жақта мені қандай бауырлары емдеп жатыр. Оң көзіме 2 ота жасалды. Көзім көреді. Сол көзіме өте күрделі 2 ота жасалады. Сөйтіп 1,5 айдан соң босататын шығар. Ұзақ емдейді”,-деді ол.