Bugin

Құлсарыдағы су тасқыны: қыстақта қалып қойған адамның жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Атырау облысында қыстақта қалып қойған адам құтқарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Атырау облысы Жылыой ауданында Жем өзенінде су деңгейі көтеріліп жатыр. Осыған байланысты елді-мекендерге қауіп төнді. Қазір ТЖД құтқарушылары тұрғындарды, төрт түлік малды қауіпсіз жерге көшіруге көмектесіп жатыр.

"7 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласы Дүйсеке ата қыстағынан 1982 жылы туған азамат құтқарылды. Өңір тұрғыны Маңғыстау облысы ТЖД, Атырау облысы ТЖД құтқарушыларына алғыс білдірді", делінген хабарламада.