Bugin

“Үнемі көгеріп жүргендіктен бізбен кездеспеген”: Нүкенованың құрбысы тың дерек айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скрин

Бүгінгі сот отырысында Салтанат Нүкенованың бауыры Айнұр Нүкенова куәлік беріп жатыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Ол Салтанаттың аталас туысы болып келеді. Салтанат отбасы құрған соң онымен араласуын сиреткен. Бұл туралы Айнұр:

“Астанадағы жаңа мешітте олар екінші рет неке қидырған. Оған куә ретінде бардым. Отбасылы болғандықтан өзіме балаларымды ауырып жатқан хәлде тастап кетуге рұқсат бермедім. Бірақ іштей мен бармаймын деп айтқаным үшін де араларында ұрыс бола ма деп секемденіп бардым”,-деді ол.

Нүкенова Павлодарға кеткенде Бишімбаев 3 рет талақ бергендіктен, олар қайта некелескені туралы Айнұр айтты. Салтанаттың некеден кейінгі өзгерісі туралы:

“Ол маусымда үнемі көгеріп жүргендіктен бізбен кездеспегенін айтты. Салтанат әрдайым оның бақылауында жүрді”,-деді.

Айнұрдың айтуынша, Нүкенова некеге дейін мүлде қарыз сұрамаған, ішімдік ішпеген. Бірақ тұрмысқа шыққаннан кейін қарызға ақша сұраған.