Bugin

"Психологқа барамын": Бишімбаевтың қорғаушылары Нүкенова жазған "қолхатты" ұсынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Фото: Жоғары сот

8 сәуір күні Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Бишімбаевтың қорғаушылары отырыс кезінде Нүкенованың жазбасы деп қолхатты таныстырды. 

Қолхатта марқұм Бишімбевпен бірге намаз бастайтынын, «қызғаншақ болмайтынын» жазған-мыс. 

"Мен, Салтанат Нүкенова, Қуандыққа деген сенімімді қайта қалыпқа келтіруге уәде беремін, оған сенетін және оны қызғанбайтын боламын. Психологқа тұрақты түрде баруға, өзіммен жұмыс істеуге, өзімнің сеніміммен жұмыс істеймін. Адамды тыңдайтын боламын және Қуандықты сыйлайтын боламын, отбасының ошағын сақтайтын қамқор және сүйікті әйел боламын. Боқтамайтын және тез ашуланбайтын боламын. Егер басқа жағдай болса, түсіністікпен қарап өзімді қолға аламын. Қуандықтың пікіріне сенуге ант етемін: ол маған жақсылық ойлайтынына сенемін", - Бишімбаевтың қорғаушылары Салтанаттың атынан осындай  жазба ұсынған. 

Бишімбаев тарапы жазбаны іске қосқысы келген, бірақ сот бас тартты.